Нью-Мексико штатында орман өрті ырық бермей тұр

Нью-Мексико штатында орман өрті ырық бермей тұр

Құрама штаттарының оңтүстік батысында орман өрті ырық бермей тұр. Нью-Мексико штатындағы алқап қызыл жалынға оранды.

Одан шыққан қою қара түтін бірнеше шақырым қашықтықтан көрінеді. Тілсіз жау 20 тұрғын үйді тып-типыл еткен. Қазір құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Апатты ауыздықтау үшін жүзге жуық маман  тартылды. Өртті толық сөндіруге аптап ыстық пен қатты жел кедергі келтіруде. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік штат бойынша өрт қаупі жоғары екенін хабарлайды.