Нигерияда қайық аударылып, балалар көз жұмды

Нигерияда қайық аударылып, балалар көз жұмды

Нигерияда қайық аударылып, 29 адам көз жұмды. Марқұмдар арасында 5 бала бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға елдің солтүстігіндегі Сокото штатында болған. Мамандар тағы 6 адамды құтқарып үлгерген. Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайықта негізінен әйел адамдар отырыпты. Елде мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Әсіресе жауын-шашын маусымында көп тіркеледі. Өйткені су көлігіне шамадан тыс адам мініп алып, қауіпсіздік ережелері сақталмай жатады.