Украинадағы ахуалдың әлем экономикасына әсері

Украинадағы ахуалдың әлем экономикасына әсері

Украинадағы қарулы қақтығыстан коронавирус пандемиясынан оңалып келе жатқан әлем экономикасының дамуы биыл және келесі жылы тағы төмендейді. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының директоры Кристалина Георгиева мәлімдеді. Оның айтуынша, соғыстан дүниежүзі ішкі жалпы өнімінің 86%-ін құрайтын жүзден астам елдің экономикасы тежелмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дағдарыстан, ең алдымен, Еуропа, Азия, Африка және Таяу Шығыстағы азық-түлік пен энергоресурстарды импорттаушы елдер зардап шегеді. Ахуал әлем елдеріндегі инфляцияның одан әрі шарықтауына да ықпал етеді дейді ұйым басшысы.    

Кристалина Георгиева, Халықаралық валюта қорының директоры:

Азық-түлік пен энергоресурстар бағасының өсуі және тауар жеткізу тізбегімен байланысты мәселелерден инфляция одан әрі шарықтайын деп тұр. Қазір дамыған елдерде оның деңгейі соңғы 40 жылдағы ең жоғарғы көрсеткішке жеткен. Бұл үдеріс біз болжағанымыздан ұзағырақ жалғасатын түрі бар.