Оңтүстік Кореяда шектеу азайтылады

Оңтүстік Кореяда шектеу азайтылады

Оңтүстік Корея билігі осы айдың соңына таман коронавирусқа қарсы шектеулердің басым бөлігін алып тастауды жоспарлап отыр,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, тұрғындарға көшеде бетпердесіз жүруге рұқсат етіліп, мейрамхана мен ойын-сауық орындарының жұмыс уақытындағы шектеу жойылуы мүмкін. Сонымен қатар ірі саяси және өзге де шараларды өткізуге тыйымдарды алу тастау қарастырылып жатыр. Ал ресми дерекке қарағанда соңғы апталарда Оңтүстік Кореяда вирустың таралуы едәуір азайған. Сарапшылар бұл елде ұжымдық иммунитеттің қалыптасқанын көрсетеді деп отыр.