АҚШ-та коронавирусты анықтайтын жаңа тест жасалды

АҚШ-та коронавирусты анықтайтын жаңа тест жасалды

АҚШ-та коронавирусты адамның демі, яғни үрлеу арқылы анықтайтын тесті қолдаунға рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы осы елдің азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы хабарлады. Бұл тест түрі шағын аппаратпен жүргізіледі. Ол 2 жарым мың адамның қатысуымен сынақтан өткізілген. Оған коронавирусты жұқтырғандармен бірге дерттен сау адамдар да қатысқан. Сынақ барысында бұл тестілеу түрі адамның коронавирусты жұқтырғанын 91% жағдайда дәл анықтаған.