РФ Ұлыбританияға қарсы санкция салды

РФ Ұлыбританияға қарсы санкция салды

Ресей Ұлыбританияның санкцияларына ерегісіп, корольдіктің 13 саясаткерін «персона нон-грата» деп жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында премьер-министр Борис Джонсон мен бұрынғы үкімет басшысы Тереза Мэй бар. Ресей Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, бұл тізім әлі де ұзарады. Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс басталғалы бері ресми Лондон Мәскеуге қарсы бірнеше рет санкция салған еді. Оған Владимир Путин, Сергей Лавров, Роман Абрамович секілді саясаткерлер мен олигархтар ілікті. Бұдан бөлек, бірқатар ресейлік банктің активтері бұғатталған.