Түркияда туристер отырған автобус аударылып, жеті адам зардап шекті

Түркияның Анталья қаласы аумағында америкалық туристер отырған автобус аударылды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, апат салдарынан жеті адам зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар24».

Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы 10:30-да болған. Аксеки ауданындағы Гериш тасжолында Антальядан Каппадокияға туристерді апара жатқан микроавтобус аударылып, жол шетіндегі қоршауға соғылған. Соның әсерінен әрі қарай жергілікті шарап жасаушының жүзім алқабына өтіп кеткен. Оқиға орнына полиция, дәрігерлер және өрт сөндірушілер жеткен. 

Жол апатынан жеті адам зардап шекті. Олардың барлығы жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген. Барлық туристердің америкалықтар екені айтылады. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірге жолдағы жаңбырдан автобус дөңгелегі тайғанағаны мәлім болып отыр.