Польша шекарасында ұзынсонар кептеліс пайда болды

Польша шекарасында ұзынсонар кептеліс пайда болды

Польшаның Медыка шекара бекетінде гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері Украинаға өте алмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі елді жалғайтын тас жолда қазір кептеліс түзілген. Сол себепті көптеген көлік қаңтарылып қалды. Олардың арасында бірнеше бірнеше күннен бері кезек күтіп тұрғандар да бар. Жүргізушілердің айтуынша, жағдайды реттеу үшін полицейлер алдымен жеңіл көліктерді өткізіп жатыр.