Мәскеуде ауызашар өтті

Мәскеуде ауызашар өтті

Мәскеудегі мұсылман қауымы қасиетті Рамазан айына орай мәдени-қайырымдылық фестиваль өткізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүрге айналған шара аясында күніге арнайы бағдарламасы бар қайырымдылық ауызашар ұйымдастырылады. Келген қонақтардың ішінде түрлі конфессия өкілдері бар. Әдеттегідей шатыр мемориалды мешіттің алдына құрылған. Ондағы әр кеш белгілі бір мемлекетке арналады. Мұнда шамамен 10-нан астам ел өз бағдарламасын ұсынады.  Ал, Қазақстанға арналған кешке 300-ден астам мейман жиналған.

Шамиль Аляутдинов, РФ Діни және қоғам қайраткері:

Бұнда қасиетті Рамазан айының әр күні керемет ұлттық және мәдени атмосферасымен ерекшеленеді. Бүгін – Қазақстанға арналған күн. Қазақстан ірі, дамушы елдердің қатарында. Жыл сайын шатыр астында өтетін фестивальдің бір күні осы елге арналады. Шараға келетіндердің қарасы да қалың.  Мұндағы қонақтар діни тұрғыда ғана емес, мәдени және эмоционалды әсер алады.