АҚШ-та коронавирус қайта өрши бастады

АҚШ-та коронавирус қайта өрши бастады
Хабар 24

Елде екі айдан бері індеттің қауіптілігі азайған еді, алайда қауіпті вирус қайтадан өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жария етті. Соңғы аптада індетті жұқтырған 40 мыңға жуық науқас тіркелді, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 10 мыңға көп. Дәрігерлер мұның себебі омикрон-штамның таралуынан көріп отыр. Сарапшылардың айтуынша, ковидпен ауыратын пациенттер әлдеқайда көп деген болжам бар. Көптеген америкалықтар медициналық көмекке жүгінбестен үйде COVID-19-дан емделуді өз беттерінше жалғастыруда.