Испанияда 61 мигрант құтқарылды

Испанияда 61 мигрант құтқарылды

Канар аралдарының маңында Испанияның жағалау күзеті 61 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың жартысынан астамы әйелдер мен балалар. Қазір бәрі Гран-Канария аралында қажетті медициналық көмек алып жатыр. Жыл басынан бері Канарға 6 мыңнан астам келімсек келген. Көбі батыс Африка елдерінің тумалары. Ал, өткен жылы аймаққа 22 мыңнан астам мигрант табан тіреген.