АҚШ-та көші-қон мәселесі ушығып барады

АҚШ-та көші-қон мәселесі ушығып барады
Газета.Ру

Америкаға қоныс тепкісі келетіндердің көптігі сонша, ел билігі заңсыз мигранттар легіне төтеп бере алмауда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек наурыз айының өзінде америкалық сақшылардың қолына түсіп, қамауға алынған мигранттар саны 200 мыңға жеткен. Жағдайдың ушығуы былтыр байқала бастады. Сол кезде ел президенті Дональд Трамп миграциялық процестерді реттеу үшін босқындарды қабылдау ережесін қатаңдатқан болатын. Бірақ билікке Байден келгелі жағдай өзгерді. Себебі Ақ үй басшысы көші-қон саясатын жеңілдетті.