Италия табиғи газды Анголадан импорттауға ниетті

Италия табиғи газды Анголадан импорттауға ниетті

Италия билігі Анголадан келетін газдың импортын арттырмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің сыртқы істер министрі Ангола астанасы Луандада осы елдің президенті және бірнеше министрлерімен кездесіп, серіктестік орнату үшін тиісті келісім жасасты. Осылайша Италия Ресей газынан тәуелділігін азайтуды көздеп отыр. Айтуынша, Мәскеу табиғи отынның экспортынан түскен пайданы Украинадағы қарулы-қақтығысты қаржыландыру үшін жұмсайды. Айта кетейік, Италияда электрқуатының 40 проценті табиғи отыннан алынады. Ал шикізаттың көбі Ресейден келеді.  Енді Рим газды Анголадан бөлек, Алжир, Катар, Конго, Әзербайжан мен Мозамбиктен де сатып алмақ.