Өзбекстанда селден бес адам қаза тапты

Өзбекстанның Джизак облысында толассыз жауынның салдарынан сел жүріп, 5 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 6 тұрғын жарақат алды. Марқұмдардың екеуі – бозбала. Жергілікті Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша, тасқыннан 53 үй қирап, 200-ден астам ғимарат бүлінген. Оның ішінде мектептер мен әлеуетттік нысандар да бар. Қазір аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр.