Францияда бүгін президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр

Саяси додаға қазіргі мемлекет басшысы Эммануэль Макрон мен әсіре ұлтшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Мари Ле Пен түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлаудың алғашқы айналымында Макрон Ле Пеннен 4% артық дауыс жинаған еді. Содан бері Макрон өзінің позициясын едәуір нығайтты. Сауалнамаға қарағанда Макронды азаматтардың 55 проценті, ал Мари Ле Пенді 44 проценті қолдауға дайын екенін білдірген.

Айта кетейік, Францияда мемлекет басшысы жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Елде 49 миллионға жуық азаматтың дауыс беру құқығы бар.