Жапонияда туристер қайығының тоғыз жолаушысы табылды

Жапонияда туристер қайығының тоғыз жолаушысы табылды

Бірақ халдері беймәлім. Ақпарат құралдары құтқарушылардың оларды судан ес-түзсіз күйде шығарып алғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қалған 17 адам іздестіріліп жатыр. Еске сала кетейік, бортында 2 экипаж мүшесімен бірге 24 жолаушысы бар катер кеше таңертең Хоккайдо аралының Сирэтоко түбегі маңында апатқа ұшыраған. Кемеде 2 бала болған. Апаттың себебі белгісіз. Болжамға қарағанда қайық қайраңдап қалып, артынан қатты дауылдан аударылуы мүмкін. Іздестіру-құтқару жұмыстарына бір әскери кеме мен алты катер және ұшақ, тікұшақтар жұмылдырылған.