Әлемде 169 бала шығу тегі белгісіз гепатитті жұқтырған

Әлемде 169 бала шығу тегі белгісіз гепатитті жұқтырған

Балалар арасында шығу тегі белгісіз гепатитті жұқтырудың 169 дерегі тіркелді.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері хабарлайды. Айтуларынша, тиісті оқиғалар әлемнің 12 елінде расталған. Ең көп дерек Ұлыбританияда анықталды.

Гепатитті жұқтырған балалардың жасы 1 айдан басталып, 16 жасқа дейін.

Өкінішке қарай, солардың біреуі қайтыс болды. Науқастардың бауырында ферменттер деңгейінің артуы байқалады. Олардың ешқайсысында А, В, С, Д және Е типті гепатит вирусы табылмаған. Енді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары індет себебін анықтау үшін тиісті зерттеулер жүргізіп жатыр.