Ливанда мигранттар мінген қайық аударылып қалды

Ливанның солтүстігіндегі Триполи қаласы маңында да мигранттар мінген қайық аударылып, оннан астам адам жоғалып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

45 босқын құтқарылды. Әскерилер бір баланың денесін тапты. Оқиға кезінде қайықта 60 сириялық босқын болған екен. Апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала тергеуге қарағанда мигранттар Триполи портына жақын жердегі Каламун мекенінен шығып Кипрге бет алған болып шықты.