Алмазбек Атамбаев басқа түрмеге ауыстырылды

Алмазбек Атамбаев басқа түрмеге ауыстырылды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев өзге түрмеге ауыстырылды.

Бұған дейін ол Бішкектегі колонияда қамауда болған. Бірер күн бұрын Молдовановка ауылындағы түзеу мекемесіне жеткізілді. Өзі нөмірі сегізінші түрмеге ауыстыруды сұраған. Алайда өтініші қараусыз қалды. Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, абақтыда оған дұрыс күтім жасалмаған. Мәселен ауа температурасы нөлден төмен болып тұрғанда сотқа жеңіл аяқ киім және жейдешемен әкелген. Қазір денсаулығым нашар деп шағым түсірген. Айта кету керек, экс-президент Алмазбек Атамбаевқа 2019 жылы Кой-Таш ауылындағы көтеріліске және жемқорлық істерге қатысы бар және былтыр түркиялықтарға заңсыз азаматтық берді, 2020 жылы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген айыптар тағылған.