«Бірлігі бекем Еуропаға қарай бірге қадам басып барамыз». Зеленский Макронды құттықтады

Эммануэль Макронды алғашқылардың бірі болып Украина президенті құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владимир Зеленский лебізін украин және француз тілдерінде твиттер парақшасы арқылы жеткізген. Ол француз әріптесін нағыз дос әрі үнемі қолдау көрсетеді деп алғыс білдірді. Сондай-ақ Зеленский «Біз ортақ жаңа жеңістерге, мықты және бірлігі бекем Еуропаға қарай бірге қадам басып барамыз» деп жазды.