Үндістанда қоқыс алаңы өртеніп, қаланы түтін басты

Үндістанда қоқыс алаңы өртеніп, қаланы түтін басты

Үндістан астанасының шетіндегі қоқыс полигоны үшінші күн өртенген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғындар отқа оранған жерден улы иіс тарап жатқанын айтады. Өрт сөндірушілер бықсып жанған жалынды әлі өшіре алар емес. Өрт аптап ыстықтан тұтануы мүмкін деген болжам бар. Кейінгі күндері Дели аймағында сынап бағанасы 40 градусқа жеткен.

– Бұл қоқыс алаңында өрт жиі болады. Жылына 10-15 рет шығар. Осы маңда 20 лашық бар еді, бәрі тып-типыл жанып кетті. Адамдар қалай тұрып келгенін түсінбеймін. Суы нашар ішуге келмейді.