Түркияда ораза айтта қауіпсіздік күшейтілді

Түркияда ораза айтта қауіпсіздік күшейтілді

Елде 209 мың сақшы мен 110 мың жол полициясы қызмет атқарады.

Күшейтілген режим 29 сәуір 9 мамыр аралығында жалғасады. Бүгінге дейін іздеудегі 1057 қашқын мен із-түзсіз жоғалған 18 азамат құрықталды. Айтқа байланысты әуежай, теміржол және автобус станцияларда кептеліс пайда болды. Түркияда ораза айт мейрамына байланысты жұрт 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында демалады. Бұл күндерде қоғамдық көліктер мен мемлекеттік жолдар ақысыз қызмет көрсетеді.