АҚШ-та орман өрті ырық берер емес

АҚШ-та орман өрті ырық берер емес

АҚШ-тың Нью-Мексико штатында орман өрті өршіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтағы қатты жел мен қуаңшылық жағдайды одан бетер ушықтырып барады. Өртке жақын маңда орналасқан бірнеше елді мекен тұрғындары шұғыл эвакуацияланып жатыр. Қызыл жалын штаттың 49 гектар алқабын тып-типыл етті. Ал Санта-Фенің солтүстік шығысындағы таулы жерлерде орналасқан демалыс орындары күлге айналды. Абырой болғанда табиғат апатынан мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Мамандардың айтуынша, бұл штат тарихындағы ең ірі өрт болып тіркелді.