АҚШ-та бос жұмыс орындарының саны рекордтық көрсеткішке жетті

АҚШ-та бос жұмыс орындарының саны рекордтық көрсеткішке жетті

АҚШ-та бос жұмыс орындарының саны 11 миллион 500 мың болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – рекордтық көрсеткіш. Еңбек министрлігінің жария еткен мәліметіне сәйкес, елде өз еркімен жұмыстан кеткендер саны жоғары болып отыр. Наурыздағы статистка бойынша ондай адамдардың саны 6 миллионнан асып кеткен. Өйткені елде инфляция деңгейі артып, жұрт жалақысы жоғары жұмысты іздейтін болған. Қазір ең көп бос жұмыс орындары сауда және өндіріс салаларында тіркеліп отыр.