Б.Джонсон: Жылда бір ядролық реактордан салынады

Ұлыбританияда жылына бір ядролық реактордан салынады. Мұндай қадам Біріккен Корольдіктің қазба отындарға деген тәуелділігін азайту үшін қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеді.

Борис Джонсон, Ұлыбритания Премьер-министрі:

– Әрине мен, үкімет энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін шешуі керек деп ойлаймын. Бұл өте маңызды. Ал энергия бағасының шарықтауы – бүкіл әлемде болып жатқан құбылыс. Десе де біз бұл түйткілді ұлттық деңгейде шешуіміз керек. Бірақ технологияларды жаңартуымыз қажет. Әйтпесе әлі 60 жылдардағы технологиялармен жүрміз. Олар тура мен сияқты ескі. Тек біз ядролық реакторды 10 жылда, 1 жылда саламыз.