Түркияда жылдық инфляция 70% құрады

Түркияда жылдық инфляция 70% құрады
ИА Кокшетау Азия

Бұл былтырғы сәуір айындағы көрсеткіштен 52,37% өсіп, соңғы 20 жылдағы рекордқа жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің статистика институты ай сайынғы тұтынушы және өндіруші есебін жариялады. Оған сәйкес, елде ең көп өскен отандық өнімдердің бағасы, яғни 121,8% жеткен. Сонымен қоса тасымал азық-түлік пен сусындар құныда жоғарылаған. Тұрмысқа қажетті заттар 77 пайызға өссе, қоғамдық тамақтану орындары мен қонақүйлер 70% қымбаттаған. Ал тұрғын үйдің бағасы бұл жолы 60% жоғарылады. Ел билігі инфляцияға қарсы күресті қарқынды жүргізіп, тұрмысқа қажетті өнімдерді бірқатар қосалқы салықтардан босатты. Қаржы министрі Нуриддин Небатидің сөзінше, инфляцияның жоғарылауын пандемия мен Украиндағы жағдай себеп. Дегенмен ел билігі бірер айда инфляция мәселесі толық шешеміз деп отыр.