Мексикада екі журналисті атып кетті

Мексикада 2 журналисті атып кетті. Қайғылы оқиға елдің шығысында болған.

Аймақтық бас прокуратураның мәліметі бойынша тілшілерге оқ жаудырған қаскүнемдер көлікке мініп, із жасырып үлгірген. Олардың кім екендігі әлі анықталған жоқ. Жалпы Мексикада журналистерге жиі шабуыл жасалады. Осыдан 4 күн бұрын ардагер тілшінің жансыз денесі жолдың бойынан табылған еді.

Ассоушейтид Пресс агенттігінің хабарлауынша, биыл өлім құшқан тілшілер саны 11-ге жеткен.

Виктор Гюго Гомес, аймақтық журналистер қауымдастығының президенті:

- Мексика журналист болып істейтіндер үшін өте қауіпті ел. Бұл жолы да журналистердің түбіне кімдердің жеткені белгісіз. Қылмыс ашылмай, жабулы қазан жабулы күйінде қалмаса екен дейміз.