ДДСҰ: Медициналық көмектің жоқтығынан мыңдаған адам қайтыс болды

ДДСҰ: Медициналық көмектің жоқтығынан мыңдаған адам қайтыс болды

Украиналық азаматтарға дер кезінде медициналық көмек көрсетілмеуінен осы уақытқа дейін 3,5 мың адам қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жуырда Дүниежүзілік денсаулық сақтауы осындай ақпарат жариялады. Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюгенің айтуынша, бүгінде Украинадағы отбасылардың 40 процентінде кемі бір адам емге мұқтаж. Жалпы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, аймақта қарулы қақтығыс басталғалы жергілікті ауруханалар шамамен 200 рет зымыранмен атқыланған. Соның салдарынан қазіргі уақытта Украинада тек бірнеше медициналық мекеме ғана қызмет етіп жатыр екен.