Украинада жанармай тапшылығы туындады

Украинада жанармай тапшылығы туындады

Украинаның кей өңірінде жанармай тапшылығы бір аптадан асып кетті. Әсіресе Киев пен оның төңірегіндегі елді мекендерде жағдай күрделі.

Бұрындары мұнда 7 мың жанармай құю бекеті болатын. Қазір солардың жартысы жұмыс істеп тұрса жақсы. Сол бекеттерде қазір көліктердің ұзынсонар кезегі пайда болған.

Жергілікі ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресей әскері мұндағы екі ірі мұнай өңдеу зауыты мен 20-ға жуық жанармай сақтау қоймасын талқандаған. Киев Ресей мен Беларусьтен жанармай мен дизель сатып алуды тоқтатқан. Логистикалық қиындықтар тағы бар. Оның үстіне қарулы күштер арасында сұраныс күрт артқан.

- Менің ұлым әскерде. Жағдайын білу үшін соған барып қайтайын деп едім. Алайда көлікпен қатынайтын жанармай жоқ.

- Күтіп отырмыз. Жанармай болады дейді. Алайда ешкім дөп басып айта алмай отыр. Сондықтан мен темір тұлпарымды қойып, қоғамдық көлікпен қатынайтын болам.

Нигерияда әуе тасымалдаушылар рейсті тоқтатты

Нигерияда отынның қатты қымбаттауына байланысты бірнеше жергілікті әуе тасымалдаушы осы аптадан бастап ішкі рейстерді орындамайтын болды. Сарапшылар Африкадағы бұл елдегі ахуалға да Украинадағы соғыс әсер еткенін айтады. Салдарынан қысқа ғана уақыт ішінде отын бағасы 3 жарым есе өсіп кеткен.