Еуроодақ сириялық босқындар тұратын елдерге 5 млрд доллар берді

Брюссельде өткен «Сирия мен өңір болашағын қолдау» атты конференцияда әлем қауымдастығы 6 миллиард 400 миллион доллар жинады.

Оның 5 миллиардын Еуроодақ табыстады. Бұл қаражат сириялықтар мен осы елден босқындарды қабылдаған мемлекеттерге жәрдем беруге жұмсалады. Алтыншы донорлық конференцияға 55 ел мен 20 халықаралық ұйым өкілі қатысты. Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин бастап барды.

Оливер Вархели, Кеңею және тату көршілестік бойынша еурокомиссар:

- Жалпы конференцияда 6,4 млрд еуро қаражат жиналды. Сирия халқына пайда әкелетін бірқатар жобамыз бар. Олар негізгі қызметтер, сапалы білім, күнкөріс, денсаулық сақтау қызметі мен таза су бағытын құрайды.