Ресейде орман өрті өршіп тұр

Ресейде орман өрті ырық берер емес. Қазір тілсіз жау көрші елдің 17 өңірінде өршіп тұр. Әсіресе, Сібірдегі ахуал алаңдатарлық. Табиғат апатынан көз жұмғандар бар. Осы күнге дейін 20-ға жуық адамның қазасы расталды. 2 мың тұрғын баспанасыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отты сөндіруге екпінді жел мен құрғақ ауа райы кедергі жасады. 2021 жыл Ресей үшін ең алапат орман өрті тіркелген жыл болды. Былтыр Сібір мен Қиыр Шығыста 17 млн гектар алқап күлге айналды. Керек десеңіз, оттың түтіні Солтүстік полюске дейін жеткен. Сарапшылар биыл көрші елде кезекті антирекорд орнатылуы мүмкін деп ескертеді.

Владимир Путин, Hесей президенті:

Оттан биыл айтарлықтай материалдық шығын келгенін бәріміз де түсініп отырмыз. Өкінішке қарай, опат болғандар бар. Біз орман өртімен қоса техногендік өрт туралы да айтып отырмыз. Олардың барлығы адамдардың амандығы мен қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіреді.

АҚШ-ТА АЛАПАТ ҚУАҢШЫЛЫҚ САЛДАРЫ

Ал мынау АҚШ-тың Калифорния штатындағы жағдай. Мұнда Ориндж өңіріндегі өрши түскен – орман өрті қымбат үйлер орналасқан аудандағы 20 құрылысты күлге айналдырды. Қазір Калифорния штатын,,,кейінгі 1200 жылда болмаған алапат қуаңшылық жайлаған. Сарапшылар бұл климаттың өзгеруінің салдары дейді. Невада шатындағы жағдай да күрделі. Мид көліндегі су деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткішке дейін төмендеген. Ол тек Неваданы ғана емес, Калифорния мен Аризонаны, тіпті көрші Мексика хақын тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді.  

Патти Аарон, АҚШ Мелиорация бюросының өкілі:

Өңірде қуаңшылық жалғасып жатқанына 23 жыл болды. Пауэлл және Мид көлі тартылып бара жатқанын көріп отырмыз. Мид көліндегі судың 75 %-і ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне жаратылады. Яғни бұл су қоймасы америкалықтар үшін қажетті азық-түліктің 60 процентін қамтамасыз етіп отыр. Қыста қар көп жауса, жағдай біршама жақсарып қалар еді.

Ал Үндістанда аномальды ыстықтың беті қайтпай тұр. Мұнда көктемнің алғашқы айы,,,кейінгі 10 жылдағы ең ыстық наурыз болып тіркелген. Елдегі ең ірі штат – РаджастАнда ауа температурасы 47 градусқа дейін жеткен. Нью-Делиде су тапшылығы туындаған. Әсіресе лашық тұрғындарына оңайға соқпай отыр. Өйткені олардың үйлерінде сумен қамтамасыз ету жүйелері жоқ. Сондықтан кедей өңір халқы тіршілік нәрінің жеткізілуін сағаттап күтуге мәжбүр.

Гопал Соланки, Нью-Дели тұрғыны:

Мұндай аптап кезінде суды тұтыну мөлшері артатыны түсінікті. Мәселен, егер бір отбасы 100 литрін пайдаланса, ыстықта екі есе артады. Алайда бізге 100 литр су ғана жеткізіліп отыр. Тіршілік нәрінің тапшылығы жұрттың арасында араздық тудырды. Кейбіреуер тіпті жұдырық ала жүгіруге дейін барып жатыр.

Сарапшылар Үндістандағы ахуал климаттың өзгеруі екенін айтады. Өйткені биыл аптап ыстық әдеттегіден ерте басталса керек. Салдарынан астық аз жиналуы мүмкін деген күдік бар.