Перуде мұғалімдер ереуілге шықты

Перуде мұғалімдер ереуілге шықты

Перуде мұғалімдер қауымдастығы ереуілге шықты. Наразылар жергілікті билік, қәсіподақпен бір мәмілеге келгісі жоқ екеніне шағымданып отыр. 

Қала көшелеріне жиналған жүздеген мұғалім жалақының өсуін, еңбек жағдайының жақсаруы мен ел президенті Педро Кастильоның отставкаға кетуін талап етті.

Олардың айтуынша, президенттің өзі бұрын мұғалім болғандықтан наразылардың жанайқайын жақсы түсінуі керек. Сондықтан  өзінің сайлауалды уәдесін орындауға міндетті дейді халық.

Айта кетейік, қазір елде инфляция деңгейі шарықтап, қымбатшылық халықты қысып барады.

Данте Висуррага, мұғалім:

- Кастильо мырза қалай мұғалім болғанын түсінбеймін. Оның саяси, әлеуметтік, экономикалық, тіпті мәдени салада да білімі жоқ. Мұғалімдердің де мүддесін қорғамайды. Сондықтан халықтың қамы үшін  орнын босату керек деп ойлаймын.