Қытайда футболдан Азия кубогі өтпейтін болды

Қытайда футболдан Азия кубогі өтпейтін болды

2023 жылғы футболдан Азия кубогын өткізу құқығына ие болған Қытай елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнирді өткізуден бас тартты.

Азия футбол конфедерациясының мәлімдемесінде Қытай футбол қауымдастығының 2023 жылғы Азия кубогын қабылдай алмайтыны туралы ресми хабарлама алғаны атап өтілді. «AFC Қытайдың турнирді өткізуден бас тартуына әкелген елдегі COVID-19 пандемиясынан туындаған ерекше жағдайларды ескереді», – делінген Азия футбол конфедерациясының мәлімдемесінде. 2023 жылғы Азия кубогы 2023 жылдың 16 маусымы мен 16 шілдесі аралығында Қытайдың 10 қаласында өтуі тиіс еді. Жарысқа 24 команда қатысады. 2023 жылғы Азия кубогына қатысты толық ақпарат кейінірек жарияланады.