Перуде автобус апатынан 11 адам көз жұмды

Перуде автобус апатынан 11 адам көз жұмды
mk.ru

Перудегі автобус апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 34-і жарақат алды.

Бұл туралы Excelsior басылымына сілтеме «Хабар 24» хабарлайды.

«Перудің солтүстініндегі шалғай ауылда автобус жардан құлап, салдарынан 11 адам көз жұмып, 34 адам жарақат алды», – делінген мәліметте.

Алдын ала болжам бойынша, Лима қаласына бара жатқан автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, көлік 100 метрлік биіктіктен құлаған.