Орталық Азия елдері мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық отырысы өтті

Орталық Азия елдері мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық отырысы өтті

Брюссельде Орталық Азия елдері мен Еуроодақ арасындығы жоғары деңгейдегі саяси және қауіпсіздік диалогының 9-отырысы өтті. Басқосуда қазіргі күрделі кезеңде өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форум аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық сыртқы әрекет қызметі мен Еуропалық парламент өкілдерімен кездесті. Олар Еуразиядағы күрделі әскери-саяси жағдайындағы өңірлік, жаһандық және азық-түлік қауіпсіздігінің жаңа қатерлерін талқылады. Еуроодақ дипломаттары Ауғанстандағы қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтудың және ауған студенттері үшін елімізде, Өзбекстан мен Қырғызстанда білім беру бағдарламасын жалғастырудың маңыздылығын мәлімдеді.

Роман Василенко, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Ынтымақтастығымыздың ауқымын кеңейту қажеттілігі айтылды. Әсіресе экономика саласындағы көлік-логистикалық серіктестігімізді дамытып, Еуропаға әртүрлі жолдармен Ресей, Каспий, Кавказ арқылы Орталық Азия елдері мен Қытайдан тауарларды жеткізуге барынша кең мүмкіндіктер беру керек.