Референдум заман талабы – Түркия парламентінің депутаты

Референдум заман талабы – Түркия парламентінің депутаты

Жаңа кезеңдегі Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы. Осындай атаумен Анкарада стратегиялық және аналитикалық орталықтар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы жиында Жаңа Қазақстан ұғымы, қаңтар оқиғасынан кейінгі реформалар пакеті мен еліміздің аймақ және халықаралық аренадағы рөлі туралы айтылды. Қазақстанның Түркиядағы  Елшісі Еркебұлан Сәпиев, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға жасаған тұңғыш мемлекеттік сапарының нәтижелеріне тоқталып, 5 маусымда өтетін республикалық референдумға тоқталып өтті. Сәпиевтің сөзінше, сапарда қол қойылған 15 құжат аясында екі елдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріледі.

Ирфан Картал, ТР Парламентінің депутаты, Қазақстан-Түркия парламентаралық достық тобы төраға өкілі:

Қазақстан барлық салада жаңарып, жаңғырып жатыр. Мұның бір дәлелі, 5 маусымда бүкіл ел бойынша Конституцияға түзетулер мен толықтырулар бойынша өтетін референдум, және мемлекет басшысының бейтарап ұстанымы, яғни саяси партияға мүше болмауы. Қазақстан- жас мемлекет болуынан қарамастан, мұндай өзгерістерден өтіп жатыр. Бұл өзгерістер, қазіргі заман талабы.

Мехмет Сейфеттин Эрол, Анкара Саясат және дағдарыс зерттеулері орталығының төрағасы:

Бүгінгі отырыс, жаһандық геосаяси өзгерістер аясында туындайтын қауіп- қатерлерге қарсы, Қазақстанның аймақтық тұтастығын сақтап қалу жолындағы Жаңа Қазақстанның мемлекеттік реформалары, экономикалық және саяси қуаттануы барысында жасалып отырған іс-әрекеттерін талқыладық. Жаңа Қазақстан ұғымы жан- жақсы қарастырып, қажеттілігін жеткіздік.