«Boeing» компаниясы ғарыш кемесін үшінші рет сынақтан өткізді

«Boeing» компаниясы ғарыш кемесін үшінші рет сынақтан өткізді

Америкалық «Boeing» компаниясы өзінің ғарыш кемесін сынақтан өткізіп, орбитадағы халықаралық станцияға аттандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл «Старлайнер»  деп аталатын ғарыш кемесінің үшінші рет тексерілуі. Себебі алғашқы екі сынақ сәтсіз аяқталған. Бұл жолы да ғарыш кемесі пилотсыз ұшырылды. Оның бортында тек «Роузи» деп аталатын манекен бар. Кеме орбитадағы станцияға 360 келі жүк жеткізуі тиіс. Егер сапар сәтті болып, кеме жерге аман есен оралса жыл соңында Старлайнер ғарышкермен бірге ұшырылып тексеріледі.

Жоба НАСА-мен халықаралық станцияға ғарышкерлерді жеткізу келісімі бойынша жүзеге асырылып отыр.