Канаданың Онтарио провинциясында жойқын торнадо ойран салды

Канаданың Онтарио провинциясында жойқын торнадо ойран салды

Табиғат апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бірнеше адам жарақат алған. Қазір провинцияның 340 мың тұрғыны жарықсыз отыр. Кей жерлерде желдің екпіні сағатына 132 шақырымға дейін жеткен.  Қатты желден аймақтағы электр желілері үзіліп, ағаштар құлаған. Салдарынан жолдарда көлік қатынасы тежеліп, тұрғын үйлерге зақым келді. Мамандар апаттан келген шығынды есептеуге кірісті. Онтарио провинциясында Канада халқының 40%-і тұрады.