Испанияда ұзақ мерзімге жалға берілетін баспанаға сұраныс көп

Испанияда ұзақ мерзімге жалға берілетін баспанаға сұраныс көп

Бүгінде бұл ел Украинадан 120 мыңнан астам босқынды ресми қабылдап үлгерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шарықтап тұрған отын бағасы, азық-түлік пен инфляция, ағылған босқындар тасқыны тағы бар: Бұл Испанияда жалдамалы тұрғын үй бағасына әсер етті. Тек сәуірде баспана құны 3,5%-ке артқан. Жүздеген адам Барселонада наразылық акциясын ұйымдастырып, билік пен пәтер иелерінен бағаны көтермеуді талап етті.

Лусия, Барселона қаласының тұрғыны:

Билік бірінші сәуір мен отызыншы маусым аралығында ұзақ мерзімге берілетін баспана бағасын ұстап тұруға уәде еткен. Алайда мұндай көмек көрсетіліп жатқан жоқ.

Карла, Барселона қаласының тұрғыны:

Ковид кезінде айлығымыз қысқарды, қазір отын мен азық-түлік бағасы отыз пайызға дейін артты. Пәтер ақысы бір орнында тұрған жоқ, біз қалай төлейміз? 

Испанияда баспанаға сұраныс қашанда жоғары, сондықтан бағасын төлей алмай тығырыққа тірелген тұрғындар далада қалатын болдық,- деп шағымданды. Биыл Испанияға 50 млн турист келетінін ескерсек, пәтер құны тағы артатыны сөзсіз.

Давид, Барселона қаласының тұрғыны:

Миллиондаған турист пен мыңдаған босқын баспана мәселесін ушықтырды. Баға бір орнында тұрған жоқ, апта сайын көтеріледі.

Әлеуметтік сауалнама кезінде: Испанияда пәтерді ұзақ мерзімге алатын он адамның жетеуі баспана құнын төлей алмай қиналып жүрміз деп,- жауап берген. Испанияда халықтың 15%-і жалдамалы үйде тұрып жатыр. Барселона, Мадрид, Севилья, Сан-Себастьян сияқты ірі қалаларда 60 шаршы метрлік пәтердің айлық бағасы мың доллардан асады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Дмитрий Рогач