АҚШ маймыл шешегіне қарсы вакцинаны зерттей бастады

Испания, АҚШ пен Германия маймыл шешегі ауруына қарсы вакцина сатып алуға ниетті.

Әзірге вирусқа қарсы мақұлданған  арнайы екпе жоқ. Қазір америкалық Модерна ((Moderna)) компаниясы ұсынған нұсқасын клиникалық зерттеуден өткізе бастады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің ковид сияқты өршуі мүмкін емес екенін айтады.

Розамунд Льюис, ДДСҰ сарапшысы:

- Жануарлар арасында маймыл шешегіне көбінесе кеміргіш жануарлар шалдығады. Ал олардан аура адамға оңай жұға алады. Әдетте індетті орманда жұқтырып алуға болады.

Бүгінде қауіпті дерт әлемнің 16 елінде тіркелген. Инфекцияны 100-ден астам адам жұқтырды. Науқастардың тең жартысы Ұлыбританияда. Ғалымдар вирус бұл елде бұрыннан табылуы мүмкін деп топшылайды. Бұған бірнеше жыл бұрын Нигериядан келген саяхатшылардың маймыл шешегі ауруымен ауырғаны дәлел дейді. Зерттеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.