Әлемдегі ең қарт адам 113 жасқа толды

Әлемдегі ең егде адам 113 жасқа толды. Венесуэла азаматы Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ол қарттығына қарамастан өзін жақсы сезінеді, денсаулығы да, есте сақтау қабілеті де күшті.

Ақсақал бала кезінен фермада жұмыс істеген. Бүгінде 41 немересі, 18 шөбересі және 12 шөпшегі бар. Ол әр күнін бір кесе кофе ішуден бастайды екен. Қария "Ұзақ жасауымның сыры Құдайға және жақындарыма деген махаббатта" дейді.

Орлеида Домадо, немересі:

- Атам менің қартаймайды. Бала кезімде қандай болса әлі сондай. Сабырлы, мейірімді. Ашуланғанын ешқашан көрген емеспін. Үнемі жадырап жүреді.