Әлемнің 33 елінде балалардан гепатиттің белгісіз түрі анықталды

Әлемнің 33 елінде балалардан гепатиттің белгісіз түрі анықталды

Олардың көбі Еуропада тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.

Жаңа дерт туралы мәліметтер алғаш рет сәуір айында пайда болған. Науқастардың басым бөлігі 5 жасқа дейінгі балалар. Олардың бауыры әлсіреп, ондаған баланың органы ауыстырылған. Дерттен 9 адам көз жұмды.