Техастағы мектепте болған атыстан кейін тұрғындардың наразылық шеруі жиіледі

Техастағы мектепте болған атыстан кейін тұрғындардың наразылық шеруі жиіледі

Техастың Ювалд қаласындағы мектепте болған қайғылы оқиғадан кейін тұрғындардың наразылық шеруі жиіледі.

Кеше мыңдаған адам АҚШ-та қару-жарақты иелену құқығын қорғайтын Ұлттық атқыштар қауымдастығының жиыны өтіп жатқан ғимарат алдына жиналды. Акцияға қатысушылар биліктен қаруды бақылауды қатаңдатуды талап етті. Жұрт көшеде алаңсыз жүруден қалдық дейді.

 БЛИЦ:

  1. Полиция қайда қарап отырған? Қарулы адам қалай ғана мектепке кіріп кетеді?
  2. Техаста көлік жүргізу үшін сынақтан өту керек. Неге қару алу үшін осындай талап енгізілмейді?

Жерлеу шығынын кәсіпкер көтерді

Ал жергілікті ақпарат құралдары атыс кезінде қаза тапқандарды жерлеу шығынын көтеріп алғанын хабарлады. Құпия спонсор жалпы 175 мың доллар бөлген. Апта басында Техас штатының Ювалд қаласында 18 жастағы жоғарғы сынып оқушысы мектепке барып оқ атқан болатын. 19 бала мен 2 мұғалім көз жұмды. Жасөспірімнің мұндай әрекетке неге барғаны әлі беймәлім. Ол бұған дейін сотталып, жүйке ауруына шалдықпаған. Жеткіншек мектепте қырғын жасамас бұрын үйдегі апасын атып жаралаған.