Непалда жеке ұшақ жоғалып кетті

Непалда жеке ұшақ жоғалып кетті

Непалда жеке меншік ұшақ жоғалып кетті. Әуе көлігі туристік қала саналатын Покхарадан Джомсомға аттанған екен.

Бортта 22 адам болған. Үшеуі экипаж мүшесі. Төртеуі Үндістан азаматы, екеуі Германия тұрғыны, қалған 13 азамат непалдық екені белгілі.

Құқық қорғау органдары таратқан ақпаратқа сәйкес, қазір 2 тікұшақ іздеуге шыққан. Әскерилер де жұмылдырылды.