Киевтің құрылғанына 1540 жыл толды

Киевтің құрылғанына 1540 жыл толды

Киев қаласының негізі қаланғанына ресми түрде 1540 жыл толды. Мерейтойға байланысты Украина астанасының орталығында арнайы іс-шаралар өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бостандық аркасы»мен басқа да ескерткіштер орналасқан саябақта концерт қойылды. Жиналған қалың қауым «Киев – мәңгілік» деп ұрандатты. Тұрғындар қала күнін атап өтуге мүмкіндік берген ел әскеріне алғыс білдірді.

Микола Лысенко, дирижер:

Музыканттардың да қолында қару бар. Олардың күші жүрегі мен даусында, музыкалық аспабында. Өнер күшті еселеп арттырады. Әскерімізге де жігер береді.

Виктор Василиев, Киев тұрғыны:

Қарулы күштерімізге мың алғыс. Оларға шабыт және жаңа қару-жарақ тезірек келсін деп тілеймін. Сонда әскеріміз мына соғыста жеңіске жетеді. Біз сөзсіз жеңеміз.