Колумбияда апат кезінде 14 кенші жер астына қамалып қалды

Колумбияда апат кезінде 14 кенші жер астына қамалып қалды

Колумбияның солтүстігіндегі көмір кенінде апат болып, 14 кенші жер астында қамалып қалды.

Апат кезінде шахта үстінде жүрген бір жұмысшы жарақат алды. Алдын ала болжамға қарағанда апат газдың жарылуынан болған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Герсон Олдри Хойос, Сулия қаласының денсаулық сақтау мекемесінің басшысы:

- Кен орнынан газ шығып, ішке кіру қиындады. Мұндай жерлерге әдетте өрт сөндірушілер ғана кіреді. Қазір арнайы құтқарушылар тобын күтіп тұрмыз.