Тәліптер апиын алқаптарын жойып жатыр

Тәліптер апиын алқаптарын жойып жатыр

Тәліптер тұрғындардың апиын мен героин есірткісін жаппай өндіруімен күресу үшін көкнар алқаптарын жойып жатыр.

Ауғанстандағы қазіргі билік оны өсіруге сәуір айында тыйым салған. Заңды бұзғандар қамалып, шариғат заңы бойынша жазаланады. Бірақ шаруалар «Талибанның» бұл әрекеті олардың жалғыз кіріс көзін жойып, кедейлікке ұшырата ма деп алаңдайды. Ауғанстан әлемде ең ірі апиын есіртікісін өндіруші және Еуропа мен Азияға негізгі героин тасымалдаушы ел саналады.

Абдул Хак Ахунд, "Талибан" қозғалысының өкілі:

- Біз бұл өсімдікті өзге дәнді дақылдармен алмастыру үшін бірқатар шараны қолға алып, үкіметтік емес ұйымдар және өзге де елдермен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Кейбір мемлекеттер көмек беруге уәде берді. Бұл істе жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін.

Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.