Қытайда зілзаладан жарақат алғандар саны 42 адамға жетті

Қытайда зілзаладан жарақат алғандар саны 42 адамға жетті

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Яань қалалық округінде болған зілзаладан жарақат алғандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындар қатары 14 мыңнан асқан. Құтқарушылар баспанасыз қалғандарды уақытша шатырларға орналастырып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 2 күн бұрын жер сілкінісінен 4 адам ажал құшқан болатын. Мамандардың мәліметі бойынша, бұл жолғы жерасты дүмпулері 2013 жылы болған 7 балдық зілзаланың салдары. Сейсмология басқарамасы жер сілкінісінің алдағы уақытта қайталануы екіталай дейді. 

Цао Уей, Яань қаласының полиция комиссары:

- Жарақат алғандарды құтқарып, азық-түлік жеткіздік. Көлік жолдарын тазаладық. Шатырлар құрдық. Құтқару операциясын әрі қарай да жалғастырамыз.