Италияда 4,3 тонна кокаин тәркіленді

Италияда 4,3 тонна кокаин тәркіленді

 Италияның қаржы полициясы мен мафияға қарсы күрес тобы 4,3 тонна кокаин тәркіледі. Мамандар оның «қара нарықтағы» құнын 267 млн долларға жуық деп бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ агенттер 2 млн-ға жуық еуро қолма-қол ақшаның үстінен түскен. Бір жыл бұрын АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің ұсынысы бойынша қолға алынған арнайы операция елдің солтүстік-шығысындағы Тристе айлағында жүргізілген. Халықаралық тергеу тобы 6 елдің билігіне 38 күдіктіні қамауға алуға ордер беру туралы өтініш жолдады. Олар Италия, Колумбия, Словения, Хорватия, Болгария мен Нидерланд азаматтары.