АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады

АҚШ-та әскери ұшақ апатқа ұшырады

Оңтүстік Калифорния шөлінде әскери ұшақ апатқа ұшырап, оқиғадан 4 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар бортта болған тағы бір адамды іздестіріп жатыр. Мамандар ұшақта ядролық материалдар болған ақпаратты жоққа шығарып отыр. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу ісі басталды. Айта кетейік, бұл соңғы аптада Калифорния штатында болған екінші ұшақ апаты.